(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІ БАР НЫСАНДЫҚ КИІМ (ПОГОНСЫЗ) ҮЛГІЛ...

Айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 25-02-01/166 Бұйрығы

(2020.21.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 ж. 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілері;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын айырым белгілері бар нысандық киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н.Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 16 сәуірдегі

№ 25-02-01/166 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының

айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілері

 

 

1. Ерлердің салтанатты киім нысаны

 

1. Осы Айырым белгілері бар нысандық киім үлгілері (погонсыз) (бұдан әрі - Үлгілер) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Ерлер салтанатты костюмі осы Үлгілерге 1-қосымшаға сәйкес бір қаусырма өңірлі пиджак пен шалбардан тұрады, ақ жейдемен және галстукпен киіледі, жоғары сапалы қою жасыл түсті костюмдік жүн матадан тігіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.