(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ЖЕКЕ ШОТТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛ...

Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабы 3-тармағына, 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7-тармағына, 141-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің артық төленген сомасы, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы қағидалары.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай:

1) 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10989 тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 635 «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12614 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.