«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығы (2015.09.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығы

(2015.09.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 11-тармағына, 140-бабының 2-тармағына, 141-бабының 6 және 8-тармақтарына, 154-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйырыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидалары;

2) осы бұйырыққа 2-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидалары;

3) осы бұйырыққа 3-қосымшаға сәйкес төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарының нысаны;

4) осы бұйырыққа 4-қосымшаға сәйкес кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісінің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.