ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 257 бұйрығына
2-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін
есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 140-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қайтарылған сомалар - төлеушінің өтініші және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қазынашылығының аумақтық бөлімшесінен (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі) берілген ақпарат бойынша мемлекеттік кірістер органы қайтарған бюджетке артық (қате) төленген баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасы;
2) лауазымды адам - мемлекеттік кірістер органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы түсуіне, сондай-ақ жеке шоттарды жүргізу жауапкершілігі жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекеттерінің лауазымды адамы;
3) есепке жазылған сомалар - Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес бюджетке төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген сомалары;