ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
«2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1074 Қаулысын қараңыз
1-бап. 2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 22 889 278 204 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 18 886 018 913 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 330 736 775 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 200 000 мың теңге;
арнаулы түсімдер бойынша - 20 375 447 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 3 649 947 069 мың теңге;
2) шығындар - 26 275 285 382 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 858 213 361 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 104 500 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 246 286 639 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 350 484 618 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 350 484 618 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -4 594 705 157 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -9 059 225 157 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 4,9 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 4 594 705 157 мың теңге.
2-бап. 2026 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 62 100 100 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 10 821 060 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2026 жылға арналған түсімдердің көлемі осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін:
1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес есептелген, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомаларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтады.
5-бап. 2026 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 879 947 069 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Атырау облысынан - 262 404 282 мың теңге;
Алматы қаласынан - 491 887 501 мың теңге;
Астана қаласынан - 125 655 286 мың теңге.
6-бап. 2026 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2 770 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
7-бап. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері - 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 35 596 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 69 049 теңге;
4) айлық есептік көрсеткіш - 4 325 теңге;
5) ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 50 851 теңге болып белгіленсін.
8-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.
9-бап. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы болып белгіленсін.
10-бап. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем ақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.
11-бап. 2026 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 5 171 567 833 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Абай облысына - 266 878 915 мың теңге;
Ақмола облысына - 325 916 603 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 197 089 345 мың теңге;
Алматы облысына - 108 007 714 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 173 643 915 мың теңге;
Жамбыл облысына - 494 317 250 мың теңге;
Жетісу облысына - 381 884 553 мың теңге;
Қарағанды облысына - 269 563 338 мың теңге;
Қостанай облысына - 350 622 666 мың теңге;
Қызылорда облысына - 504 013 674 мың теңге;
Маңғыстау облысына - 122 677 187 мың теңге;
Павлодар облысына - 7 822 744 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 333 976 372 мың теңге;
Түркістан облысына - 1 139 920 621 мың теңге;
Ұлытау облысына - 60 763 826 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 251 739 916 мың теңге;
Шымкент қаласына - 182 729 194 мың теңге.
12-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:
1) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;
2) жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;
3) «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасы шеңберінде құрылыс салуға заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға;
4) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын субсидиялауға 2026 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
13-бап. Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттердің сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
14-бап. Ауыл халқының кірісін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану мақсатында ауыл халқына микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
16-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылға арналған резервінің мөлшері 333 311 087 мың теңге сомасында бекітілсін.
18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына 2026 жылға арналған резервтің мөлшері 285 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылға арналған шығындарының құрамында жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 200 000 мың теңге сомасындағы қаражат республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетіле отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 10 000 000 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
20-бап. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 2026 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 263 105 986 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 2026 жылы 4 000 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
22-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 2026 жылы 250 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
23-бап. Мемлекеттің кепілгерліктер беру лимиті 2026 жылға қолданылмайды деп белгіленсін.
24-бап. 2026 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 39 302 356 520 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
25-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті 2026 жылға 4 577 801 641 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
26-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті 2026 жылға 2 288 927 820 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
27-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиті 2026 жылы 15 070 600 000 мың теңге мөлшерінде және сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мынадай тізбесі белгіленсін:
ұлттық басқарушы холдингтер;
ұлттық холдингтер;
ұлттық компаниялар;
акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар.
28-бап. Жергілікті атқарушы органдар борыштарының лимиттері 2026 жылы 7 175 116 381 мың теңге мөлшерінде белгіленсін, оның ішінде:
Абай облысына - 167 585 282 мың теңге;
Ақмола облысына - 259 084 275 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 235 223 220 мың теңге;
Алматы облысына - 323 357 195 мың теңге;
Атырау облысына - 258 693 945 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 194 116 368 мың теңге;
Жамбыл облысына - 292 997 766 мың теңге;
Жетісу облысына - 205 425 133 мың теңге;
Қарағанды облысына - 324 519 542 мың теңге;
Қостанай облысына - 253 214 946 мың теңге;
Қызылорда облысына - 264 965 165 мың теңге;
Маңғыстау облысына - 221 616 933 мың теңге;
Павлодар облысына - 229 105 624 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 204 151 175 мың теңге;
Түркістан облысына - 585 785 363 мың теңге;
Ұлытау облысына - 69 513 623 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 212 059 619 мың теңге;
Алматы қаласына - 2 250 608 587 мың теңге;
Астана қаласына - 384 132 699 мың теңге;
Шымкент қаласына - 238 959 921 мың теңге.
29-бап. Жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттері 2026 жылы 2 072 833 239 мың теңге мөлшерінде белгіленсін, оның ішінде:
Абай облысына - 43 804 317 мың теңге;
Ақмола облысына - 60 052 918 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 56 734 841 мың теңге;
Алматы облысына - 81 943 228 мың теңге;
Атырау облысына - 114 537 309 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 44 548 799 мың теңге;
Жамбыл облысына - 69 303 594 мың теңге;
Жетісу облысына - 50 635 790 мың теңге;
Қарағанды облысына - 71 854 186 мың теңге;
Қостанай облысына - 62 827 307 мың теңге;
Қызылорда облысына - 66 196 557 мың теңге;
Маңғыстау облысына - 54 051 349 мың теңге;
Павлодар облысына - 60 012 766 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 48 408 248 мың теңге;
Түркістан облысына - 139 512 920 мың теңге;
Ұлытау облысына - 20 414 326 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 50 801 642 мың теңге;
Алматы қаласына - 528 672 150 мың теңге;
Астана қаласына - 287 697 926 мың теңге;
Шымкент қаласына - 160 823 066 мың теңге.
30-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттері 2026 жылы 4 441 532 769 мың теңге мөлшерінде белгіленсін, оның ішінде:
Абай облысына - 82 866 056 мың теңге;
Ақмола облысына - 119 697 710 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 110 518 763 мың теңге;
Алматы облысына - 337 444 755 мың теңге;
Атырау облысына - 114 666 054 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 88 684 925 мың теңге;
Жамбыл облысына - 130 944 486 мың теңге;
Жетісу облысына - 87 184 148 мың теңге;
Қарағанды облысына - 143 003 754 мың теңге;
Қостанай облысына - 121 072 584 мың теңге;
Қызылорда облысына - 108 997 371 мың теңге;
Маңғыстау облысына - 99 847 269 мың теңге;
Павлодар облысына - 119 365 674 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 92 503 569 мың теңге;
Түркістан облысына - 209 262 306 мың теңге;
Ұлытау облысына - 40 427 187 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 93 939 987 мың теңге;
Алматы қаласына - 1 435 200 966 мың теңге;
Астана қаласына - 569 218 931 мың теңге;
Шымкент қаласына - 336 686 274 мың теңге.
31-бап. 2026 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2026 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
32-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі осы Заңға 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
33-бап. Ішкі үкіметтік борыштың құрамынан айналысы тоқтатыла тұрған 773 704,8 АҚШ доллары (немесе 2025 жылғы 30 маусымдағы бір АҚШ доллары үшін 520,39 теңге бағамы бойынша 402 628,2 мың теңге) сомасындағы қазынашылық бондарды өтеу жөніндегі міндеттемелер алып тасталсын.
34-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
35-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 - 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 8 желтоқсан
№ 239-VІІІ ҚРЗ
«2026 - 2028 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының
№ 239-VIII ҚРЗ Заңына
1-қосымша
2026 жылға арналған республикалық бюджет