Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 01 «Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 11 шешімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің «Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5190 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімі | С. Мухамедиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Петропавл қалалық
сайлау комиссиясы
Петропавл қаласының әкімі
2025 жылғы 24 сәуірдегі
№ 11 шешіміне
қосымша
Петропавл қаласы әкімінің
2019 жылғы « 09 » қаңтардағы
№ 01 шешіміне
қосымша
Сайлау учаскелері
№ 571 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Петр Ефимович Рыжов атындағы көше, 51, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Карьерный 1-ші қысқа көшесі;
2-ші Водосточная көшесі;
Карьерный 2-ші қысқа көшесі;
Карьерный 3-ші қысқа көшесі;
Вильямс көшесі;
Заозерная көшесі;
Карьерная көшесі;
Кожевенная көшесі;
Лиза Чайкина көшесі;
Мамлютское шоссе көшесі;
Молодой кожевенник көшесі;
Надежда көшесі;
Кожевенный қысқа көшесі;
Проселочная көшесі;
Петр Ефимович Рыжов атындағы көше;
«Космос» бағбаншылық серіктестігі, 3-ші Линия көшесі;
№ 572 сайлау учаскесі