3. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өзінің атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға, өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның жазбаша келісімімен кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.
4. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтер:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына - олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;
2) соттарға - сот ұйғарымы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша;
3) мемлекеттік кіріс органдарына - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге (есепке жазуға) және аударуға байланысты мәселелер бойынша;
4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға - өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;
5) прокурорға - оның қарауында жатқан материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
6) Мемлекеттік корпорацияға - өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленген жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру үшін;
7) уәкілетті мемлекеттік органға - өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайынғы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
9) өзінің атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өкілдеріне - нотариат куәландырған сенімхаттың немесе заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде беріледі.
57-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу және есептілік
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражаты;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылатын аударымдар есебінен қалыптастырылған нысаналы жинақтар мен нысаналы активтер бойынша қаржылық есептілікті бөлек-бөлек жасайды.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті меншікті қаражаты мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша бөлек-бөлек жасайды.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.
2. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарын есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бөлек-бөлек жүргізіледі.
3. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
4. Резервтік қорларды қалыптастыруды және пайдалануды қоса алғанда, шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру тәртібі, оларды есептеу әдістемесі мен құрылым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жеке зейнетақы шотында зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының бағдарламалық қамтылымы түріндегі автоматтандырылған цифрлық жүйелер пайдаланылады.
Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйелерге қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарын ескере отырып белгілейді.
6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары өздері үшін ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
7. Зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргізілуін және міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларына, өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаларға (зейнетақы төлемдерін алушыларға) инвестициялық кірістің есепке жазылуын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепке алуда және есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
58-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы айына зейнетақы активтерінің 0,08 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын, 0,04 еселенген айлық есептік көрсеткіштің және тиісті күнтізбелік айдың 1-і күнгі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоттары санының көбейтіндісі ретінде айқындалатын шамадан аспайтын болып белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 2,0 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 15 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақысын өндіріп алу тәртібі және оның шамасы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленеді.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы жыл сайын бекітеді.
Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасын осы ұйымның басқарушы органы жыл сайын бекітеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақ таушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы сының шамасы жылына бір реттен жиі өзгертілмейді.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттер;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары органдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынуының ішкі рәсімдері;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттары қамтылуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыскерлерді тəуекел-менеджмент басшысы, ішкі аудит бөлімшесінің басшысы, бас комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындау кезінде олардың осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді.
60-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудит
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) меншікті қаражат;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылатын аударымдар есебінен қалыптастырылған нысаналы жинақтар мен нысаналы активтер бойынша төрт аудиторлық есеп жасайды.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) меншікті активтер жөніндегі қаржылық есептілік;
2) зейнетақы активтері жөніндегі қаржылық есептілік бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтеріне қатысты бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жыл сайынғы міндетті аудиті бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
61-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жариялаған күнгі шындыққа сай келмейтін қызметті жарнамалауына тыйым салынады.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, жарнаманы тоқтатуды немесе оны теріске шығаруды жариялауды талап етуге құқылы.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы талап өзі белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, жарнамада қамтылған мәліметтердің шындыққа сай келмейтіні туралы ақпаратты жариялауға не оларды осындай жарнаманы жариялаған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен нақтылауға құқылы.
3. Зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы ақпарат тиісті инвестициялық кіріс алынған кезеңді көрсете отырып қана берілуі мүмкін.
62-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты анықтаған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де талаптардың орындалмағанын анықтаған жағдайларда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:
1) орындау үшін міндетті жазбаша нұсқама беруге;
3) жазбаша келісім жасауға құқылы.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына шектеулі ықпал ету шараларын қолданудың тәртібі мен шарттары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын мынадай негіздердің кез келгені бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
1) лицензия беруге негіз болған ақпараттың анық еместігі;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақытқа кідірту;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) уәкілетті орган белгілеген нормативтердің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, зейнетақы қағидаларында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясында көзделген ережелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;
6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шаралары талабының орындалмауы;
7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тарту;
8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жоймауы;
9) есептілік пен мәліметтерді ұсынбау немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтерді ұсыну;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзуы.
4. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа салымшыларды тартуға тыйым салуға алып келеді.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
63-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері
1) басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) атқарушы органның басшысы мен мүшелері;
3) бас бухгалтер жəне бас бухгалтердің орынбасары;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де тұлғалар;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары, бас бухгалтерлері жəне бас бухгалтерлерінің орынбасарлары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып табылмайды.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды келісу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген.
8-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕРЛЕР
64-бап. Әлеуметтік жұмыскерлердің мәртебесі және жұмыс ерекшеліктері
1. Адам арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында кәсіптік қызметті жүзеге асырған кезде әлеуметтік жұмыскер мәртебесіне ие болады.
2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы қорытынды дайындайды және адамның денсаулық жағдайы, ауруының диагнозы, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың дербес деректері туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуметтік жұмыскер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің қорытындысын ұстанады және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес қызметтер көрсетеді.
4. Әлеуметтік жұмыскер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен оңалту іс-шараларын жүргізу үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерді ұсынуға құқылы.
5. Әлеуметтік жұмыскерге нормативтік жүктемені халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып белгілейді.
6. Мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер лауазымдар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әлеуметтік жұмыскерлерге жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы және сауықтыруға арналған жәрдемақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес беріледі.
Жекеше ұйымдарда кәсіптік қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыскердің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе осыған уәкілеттік берілген тұлға айқындайды.
7. Әлеуметтік жұмыскер кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті уәкілетті органдар бекіткен кәсіптік стандарттарда айқындалатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
8. Әлеуметтік жұмыскерлер кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін аттестаттаудан өтеді, оның нәтижесі бойынша оларға уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санаттары беріледі (расталады).
9. Әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау бағдарламасын уәкілетті органдар кәсіптік стандартқа сәйкес әзірлейді.
65-бап. Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау шартымен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
2) лауазымды адамдар мен басқа да адамдар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
3) өзінің кәсібіне арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар мен олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан құрметпен қаралуына және тиісті мінез-құлыққа;
4) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайларының жасалуына;
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық қызметті жүзеге асыруға, әлеуметтік жұмыс практикасына жаңа әдістемелер мен технологияларды ендіру туралы ұсыныстарды әзірлеуге және енгізуге;
6) әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде әлеуметтік жұмыскердің кәсіптік қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
7) бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруға;
8) кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуға;
9) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;
10) кәсіптік қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын қолдау және арттыру үшін халықаралық стипендиялар мен гранттар бойынша тағылымдамадан өтуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыскер осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтардан басқа: