«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығы (2026.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығы

(2026.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.23.09. № 277-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.23.08. № 270 бұйрығымен (2023 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.23.09. № 277-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.