(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА БЕКІТІЛГЕН Д...

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығы

(2023.15.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.23.08. № 270 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Білім және ғылым министрі

 

А. Аймагамбетов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 18 ақпандағы

№ 65 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.