«Оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын және осындай оқытудан өткені туралы сертификат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 90 бұйрығы

Оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын және осындай оқытудан өткені туралы сертификат нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 90 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-2-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытудан өткені туралы сертификаттың нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі

2025 жылғы 29 сәуірдегі

№ 90 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту

бағдарламасының мазмұнына қойылатын

талаптар

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.