Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
(2014.31.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) осы Жарлықтан туындайтын тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауды;
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.