«Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 67/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 31/13 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 60/01 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 67/01 «Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6486-09 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 4 маусымдағы
№ 31/13 қаулысына қосымша
Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындардың
тізімі