«Су объектілерінде су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 70 бұйрығы
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 111-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су объектілерінде су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14513 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.