Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 359-НҚ бұйрығы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
2026 жылғы 23 шілдедегі
№ 359-НҚ бұйрығымен бекітілген
Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен
Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының
сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер