«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 396 бұйрығы (2022.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 396 бұйрығы

(2022.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығымен күші жойылды

 

Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 290 бұйрығын қараңыз

 

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

4) - 23) ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022.18.10. № 424 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Комитеттер мен аумақтық бөлімшелер осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген мерзімде қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті осы бұйрықты өздерінің аумақтық бөлімшелеріне орындау және жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.