Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 290 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомствалары және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 396 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 11 кіреберіс.»;
15-тармақта:
14), 15), 26), 47), 48) және 60) тармақшалар алып тасталсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 11 кіреберіс.»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) республикалық білім беру ұйымдарына (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары), сондай-ақ:
жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарда мемлекеттік аттестаттауды өткізу;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: