(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРМАНДАРДЫ МОЛЫҚТЫРУ МЕН ОРМАН ӨСІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ С...

«Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығы

(2023.05.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-25) тармақшасына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.26.10. № 18-03/947 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары бекітілсін.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.26.10. № 18-03/947 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 18-02/681 бұйрығымен

бекітілген



Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау
қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі - Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-25) тармақшасына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.