Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-25) тармақшасына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Омандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйырықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 18-02/681 бұйрығымен
бекітілген
Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі - Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-25) тармақшасына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агротехникалық күтім жасау - орман ағаштарына күтім жасау шаралары, бұл оларда шөп және керексіз ағаш пен бұта өсімдіктерінің өсуіне жол бермеуді және топырақта ылғалдың жиналуын қамтамасыз етуді қамтиды;
2) аралас орман ағаштары - құрамында бірнеше ағаш және бұта тұқымдылары бар орман ағаштары;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.