(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАР БИРЖАЛАРЫ МӘМІЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЛИРИНГТІК ҚЫЗМЕ...

Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-6) тармақша және 17-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидалары 1-қосымшасына сәйкес;

2) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптары 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қағидалардың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 2-қосымшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жылғы «___» ________

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушысының

2015 жылғы 25 қарашадағы

№ 729 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.