Қосалқы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 301 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қосалқы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында өткізетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.