Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 235 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 11 маусымдағы
№ 235 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11479 болып тіркелген).