«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 469 Қаулысы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 469 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін:

1) қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

2) орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

3) ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

4) орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;

5) ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;

6) ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді;

7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

8) TONIA (Tenge Over Night Index Average) мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 11-тараумен толықтырылсын:

«11-тарау. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер

118. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.

119. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны - 1000 теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.