«Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 7 маусымдағы № 106 Қаулысы

Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 7 маусымдағы № 106 Қаулысы

 

Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мекемесі туралы Ережеде:

16-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшаларымен толықтырылсын:

«4-1) коммуналдық меншіктегі әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

4-2) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;

4-3) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4-4) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілеу»;

16-тармақтың 38) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.