«Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1154 бұйрығы
(2021.01.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2021.01.04. № 288 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлерді тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 16444 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілер электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 наурызда жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларының:
1-тармағын келесі редакцияда жазылсын: