Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығы
(2025.03.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.15.09. № 396 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.15.09. № 396 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 77) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.15.09. № 396 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.