«Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 396 бұйрығы

 «Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 396 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26917 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 77) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.