«Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 84 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 51 бірлескен қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 101 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 79 бірлескен қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 84 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 51 бірлескен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38605 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармағының үшінші және төртінші абзацтары 2026 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 92 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38746 болып тіркелген) бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға 5-қосымшаның 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша - күніне 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайыздан кем, бірақ 179 (жүз жетпіс тоғыз) пайыздан аспайды.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2027 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бірлескен қаулының 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: