Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 84 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 51 бірлескен қаулысы
(2026.21.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 718-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының 5-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 1-тармағына сәйкес, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.06. № 101 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2026.30.06. № 79 бірлескен қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері:
1-тармағының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап осы бірлескен қаулының 5-тармағының редакциясында қолданылады
екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банктік қарыздар бойынша - кепілсіз банктік қарыздар бойынша - 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша - 35 (отыз бес) пайыз; ипотекалық тұрғын ұй қарыздары бойынша - 25 (жиырма бес) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша - 46 (қырық алты) пайыз;