«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 216 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 59 бірлескен бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 216 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 59 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында (бұдан әрі - Өлшемшарттар):

10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сонымен қатар объективті өлшемшарттар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің есептілік деректеріне сәйкес 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын бақылау субъектілері тәуекелдердің жоғары деңгейіне жатады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1) бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы.

Қолайсыз оқиғаларға мыналар: еңбек қызметіне байланысты ауыр, топтық немесе өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалар жатады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.