«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 183 Қаулысы

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 183 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:

1-тармағының үшінші - тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі - тізілімінің веб-порталы) - Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша цифрлық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;»

15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Тұрғынжайды жекешелендіру тәртібімен меншігіне алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалардың (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар) талаптарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына құжат тапсырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.