Азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін жұмсалған шығындарының өтелуіне құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 743 Қаулысы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 103-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін жұмсалған шығындарының өтелуіне құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.