Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 134 «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 32 Қаулысы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 134 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» деген қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |
2026 жылғы 28 қаңтардағы
№ 32 қаулысына қосымша