(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ МЕМЛ...

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1133 Қаулысы

 

Осы редакция 2021 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 29 қазандағы

№ 1133 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу

 қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» (бұдан әрі - халықаралық шарттар) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (және) немесе халықаралық ұйыммен (ұйымдармен) жасасқан халықаралық шарттарды тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының (бұдан әрі - орталық органдар) атынан жасалған халықаралық шарттар тіркеуге, есепке алуға және сақтауға жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.