«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 246 Қаулысы

«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 246 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.».

Көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 28 наурыздағы

№ 246 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 14 сәуірдегі

№ 218 қаулысымен

бекітілген

 

 

 

«Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы»

 кешенді жоспары

 

Бүгінгі күні кедейшілік пен жұмыссыздықтың нақты деңгейінің мәселелері бойынша мынадай жағдай байқалуда.

1. 2022 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (кедейлік деңгейі) халықтың үлесі 5,3% құрады.

Бұл ретте 13 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.) 2019 жылдан бастап күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халық үлесінің өсуі байқалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.