Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 163-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін..
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.