«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүккәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы №52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 21/қе бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүккәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11813 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірінде №65 (28191) «Казахстанская правда» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларында:
«Ғимараттар және құрылыстар» деген 19-бөлімде:
реттік нөмірі 313-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 313 | Жылыту су ысыту қазандығы (қатты-отынды, сұйық-отынды, газды-мазутты және электрлі) | Орталық жылыту жүйесіне қосылмаған шекара бөлімшесі әскери қалашығының (топтың, шекаралық бақылау бөлімшесінің) ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | дана | 2 | 10 |
| Орталық жылыту жүйесіне қосылмаған шекара бөлімі әскери қалашығының (шекаралық бақылау бөлімі) ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | дана | 3 | 10 |