«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 435 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 435 бұйрығы

 

«Азаматтық қорғаныс туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 9 қазандағы

№ 435 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы

төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспары

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті.

Министрліктің миссиясы ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.