«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 803 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің штат саны 3604 адам болып белгiленсiн.».

2. Осы Жарлық, Ереженің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 16-тармағының он алтыншы және отыз алтыншы абзацтарын, 17-тармағының жетінші абзацын, 23-тармағының отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 12-і.

 

                    № 803

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2018 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 803 Жарлығына

1-ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2003 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1271 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы

 ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.