Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
(2019.01.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылсын.
2. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.