«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 272 Қаулысы (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 272 Қаулысы

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 131 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4030 тіркелген, 2015 жылғы 3 қазанда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру»;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

1-тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын:

«19) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

20) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу».»;

осы қаулының 2, 3 - қосымшаларына сәйкес 19, 20 - қосымшалармен толықтырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.