«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 Қаулысы (2024.12.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 Қаулысы

(2024.12.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 77 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.23.09. № 56 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-тармағының екінші бөлігінің 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2. Мынадай:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13225 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 174 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14253 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.