(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАҢБАЛАНУҒА ЖАТАТЫН ТАУАРЛАР ТІЗБЕСІН АЙҚЫНДАУ ТУРА...

Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 2-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес айқындасын.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің

міндетін атқарушы

 

 

А. Бижанова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

министрінің міндетін атқарушы

2024 жылғы 27 қыркүйектегі

№ 343-НҚ бұйрығына қосымша

 

 

Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі

 

Р/с №

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды

Тауардың атауы

Енгізілген күні

1

2

3

4

1.

2402 20 900 0

құрамында темекі бар өзге де сигареталар

2020 жылғы

1 қазан

2.

2402 10 000 0

сигаралар, ұштары кесілген сигаралар және құрамында темекі бар сигариллалар

2021 жылғы

1 сәуір

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.