Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 39 Қаулысы
Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 39 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 16-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 2-тармағына және «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. бұйрығына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д. Кулумбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.
| Қаражал қаласының әкімі | А. Елеусизов |
2025 жылғы 15 сәуірдағы
№ 39 қаулысына қосымша
Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер