«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Кедендік және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 866 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Кедендік және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 866 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабының 4-тармағына сәйкес және кедендік және салықтық заңдарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Кедендік және салықтық әкімшілендіру мэселелері бойынша консультативтік кеңес туралы (бұдан әрі - Консультативтік кеңес) ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Консультативтік кеңестің құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Консультативтік кеңестің жумыс органы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) айқындалсын.

3. Комитет (Д.Жанәлінов);

1) осы бұйрықты Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін;

2) осы бұйрықтың Комитеттің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы вице-министрінің

2022 жылғы 19 тамыздағы

№ 866 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Кедендік және салықтық

әкімшілендіру мәселелері бойынша консультативтік кеңес туралы

 ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Кедендік және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультативтік кеңес (бұдан әрі - Консультативтік кеңес) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жанындагы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.