«Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы (2018.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы

(2018.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрінің м.а.

 

М. Құсайынов

 

 «КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

2015 жылғы 5 наурыз

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 24 ақпандағы

№ 128 бұйрығымен бекітілген

 

 

Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу
қағидалары

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018.03.09. № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.