«Уран бойынша стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 19 наурыздағы № 39-н/қ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Уран бойынша стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 19 наурыздағы № 39-н/қ
бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Уран бойынша стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің

төрағасы

 

 

А. Саткалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы

жөніндегі агенттігінің төрағасы

2026 жылғы 19 наурыздағы

№ 39-н/қ бұйрығымен бекітілген

 

 

Уран бойынша стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.