ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.23.06. № 396 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
8-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.14.05. № 203 бұйрығымен күші жойылды
«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.20.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген) бекітілген «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттардың қабылдануы туралы қолхат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге беретін негіздеме-өтінішінің болуы негіз болып табылады.