Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетін құру және мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дінтану сараптамасы орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.