«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оку- әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 100 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жане ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«2. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің қызметі туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің бейіндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметі туралы ереже.»;
2-1-тармақ алып тасталсын.
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 3-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (А.Ғ. Мұханбетов) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы және Шымкент калаларының білім басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.