«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығы (2025.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығы

(2025.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 100 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда;

2) бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 100 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің қызметі туралы ереже;

2) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің бейіндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметі туралы ереже.

2-1. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 100 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н. Оспанова) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.